Алматыда полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған ер адамды құтқарды.
Полицейлер әйелімен жанжалдасып қалған ер адамды құтқарды
990
оқылды

Оқиға Наурызбай ауданында болған. Ер адам төрт қабатты үйдің шатырында өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Полицейлер Сембібай Ерген мен Өмірбек Нұрлан «Боран-263» патрульдік экипажымен бірге бірнеше минутта оқиға орнына жетті. 

Ер адам мас күйінде әйелімен жанжалдасып қалған. Өзін-өзі пышақтамақ болған. Қаннан қорқып, қараусыз қалған ғимаратқа барып, шатырдан секіруге оқталған. 

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамды ауруханаға алып кетті. 

Істің мән-жайын полицейлер анықтайды.