Сенат отырысынан кейін Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Атамекен" ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді.
Жақселекованың айтуынша, Қазақстан – құқықтық мемлекет, оның кінәсі сотта дәлелденбейінше адам кінәсіз деп есептеледі.
"Осындай фактінің барлығы бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп, сот шешімі шығарылуы керек. Біздің тараптан қандай да бір пікір білдіру орынсыз деп ойлаймын", – деді вице-министр.
Оның айтуынша, барлығы тергеу нәтижелеріне, сол бойынша жасалған әрекеттердің біліктілігіне байланысты болады.
"Заң бойынша жауапкершілік қарастырылған. Енді қандай айып тағылатыны туралы айту теориялық тұрғыдан қиын", – деді ол.