Қазақстаннан 100 млн теңге мен алтын құйманы заңсыз алып шықпақ болған азамат ұсталды

Астана-Анталья рейсінің жолаушысынан кедендік бақылаудан өткен кезде декларацияланбаған 118 392 АҚШ доллары, 28 750 рубль, 92 885 еуро көлеміндегі қолма-қол ақша табылған.

Сәуір айының басынан бері «Әуежай Астана» кеден бекетінде 100 миллион теңгеден астам сомаға декларацияланбаған қаржыны, сондай-ақ бір құйма тазартылған алтынды әкету фактілері анықталды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті "Астана-Әуежай" кедендік бекетіндегі сәуір мен мамыр айлары аралығында жүргізілген жұмыстарды қорытындылай отырып, мәлімдеді.

Астана-Анталья рейсінің жолаушысынан кедендік бақылаудан өткен кезде декларацияланбаған 118 392 АҚШ доллары, 28 750 рубль, 92 885 еуро көлеміндегі қолма-қол ақша табылған.

«МКД жеке тұлғаларға Қазақстаннан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге және тазартылған алтынды әкетуге тыйым салынғанын еске салады», – делінген хабарламада.

Бұл ретте мұндай заңбұзушылықтар анықталған жағдайда еліміздің заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.