Қызылорда облысын­дағы Ақсуат ауылдық округі табиғи газға қосылды. Ел игі­лігіне бағытталған ша­раға аймақ басшысы Нұр­лыбек Нәлібаев, «AMANAT» партиясы об­лыстық филиа­лының тө­рағасы Наурызбай Байқа­дамов қатысып, ауыл тұр­ғындарын құттықтады.
Ақсуатқа газ келді
944
оқылды

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Аса ма­ңызды мәселелердің бірі – ауыл­ды кешенді түрде жетілдіру. Ауыл­дарға нақты қолдау көр­сетіп, заманауи инфрақұрылым­ды дамытуымыз керек» деген болатын. Президентіміз бен Үкі­меттің Сыр өңірін ерекше қол­дауының арқасында аймағы­мызда ауқымды жобалар жүзеге асуда. Былтыр 14 газдандыру жобасын жүзеге асыруға 8,7 млрд теңге бөлініп, игерілді. Нә­тижесінде, 6 ауылды газға қос­тық. Осылайша, өңірдің газдан­дыру деңгейі 70 пайызға жетті. Бұл – 26 елді мекен, 583 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қам­тылды деген сөз. Биылға респуб­ликалық бюджеттен 7,4 млрд теңге бөлініп, 2022 жылы бас­тал­­ған 7 жоба жалғасты және 12 жаңа жобаның құрылысы бас­талады», – деді аймақ басшысы.

Ақсуат ауылдық округін газ­дандыру жұмыстары «AMANAT» партиясының сайлауалды бағ­дар­ламасына енгізілген бола­тын. Бүгін міне, бірлескен жұ­мыстар нәтижесінде ел игілігіне беріліп отыр. Елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету партия­ның алдағы 5 жылға жос­пар­ланған сайлауалды бағдар­ламасы аясында жалғасын таба­тын болады.

Нұрлан ҚОСАЙ