Алматыда «Сарыарқа» кинотеатры алаңында жануарларға қатыгездік көрсетуге қарсы жаппай митингі өтті. Оған 400-ге жуық адам қатысты, – деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Алматылық ит-мысықтардың жанашырлары бас көтерді
1,175
оқылды

Акцияны ұйымдастырушылар мен KARE жануарларды қорғау қоры «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның орындалмай отырғанын мәселе ретінде көтеріп келген. Жан-жануарлар құқығын қорғаушылар балаларды оларға мейіріммен қарауды үйретуді, сондай-ақ мектептерде осындай сабақтарды енгізуді сұрап, қазақстандық ата-аналарға да үндеу тастады.

Акцияға полиция араласқан жоқ.

Жануарлардың құқығын қорғауға арналған мұндай шеру Ақтөбеде қаласында да жалғасты. KARE қоры әлеуметтік желілерде жануарлар құқығын қорғаушылардың бірнеше өңірде бейбіт жиын өткізуге әрекеттенгенін, бірақ кейбір әкімдіктердің бас тартқанын хабарлады.