Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Әлем чемпионатында Қазақ елінің құрамасы екінші орын алды.
«Қазақ боксшылары қиын болса да, жеңіске жетті» – федерация президенті Кеңес Рақышев
2,425
оқылды

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев финалды тамашалауға Ташкентке арнайы барды. Ол жеңіске жеткен спортшыларға, қолдау білдірген жанкүйерлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

«Ташкентте өткен бокстан 2023 жылғы Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2-орынға ие болды. Турнир иесі Өзбекстан құрамасына ғана жол берді. Финалға өткен Санжар Тәшкенбай (48 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг) және Нұрбек Оралбай (80 кг), ал күміс жүлдегер Дулат Бекбауов (67 кг) чемпион болды.

Осындай нәтижені Қазақстан 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында ғана көрсетті. Бұл жолы қиын болды. Бірақ біздің жетістігіміз соғұрлым құнды. 

Жалпы, кеше қазақ боксшыларының күні болды. Америкалық Стоктондағы мұхиттың арғы жағында Жәнібек Әлімханұлы Стивен Батлерге қарсы жекпе-жек өткізіп, кәсіпқойлар арасында әлем чемпионы атағын қорғады. Өзбекстанның қоржынына алтын әкелген және ҚХР өкілі Тоқтарбек Қанатқан, Ташкентте Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған этникалық қазақтардың – Руслан Абдуллаевтың да айрықша нәтижелерін атап өткен жөн! Барлық боксшыларды мақтауға тұрарлықтай жеңістерімен құттықтаймын! Қазақ халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын!» – деді Кеңес Рақышев. 

Кеше жеңіске жеткен спортшыларды Мемлекет басшысы арнайы құттықтады.