Талдықорған қаласының Полиция басқармасына 46 жастағы әйел шағыммен келіп, ұлын белгісіз ересек адам ұрғанын айтқан.
Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімді соққан Балпық би ауылының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Жас жігіт қатты мас болған. Сондықтан ол жергілікті медициналық айықтырғышқа орналастырылды.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабында (Бұзақылық) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – делінген ведомство ақпаратында.