Арнайы жүйеге мәліметтерді енгізіп, жойып отырған.
ХҚКО мамандары мен полицейлер шетелдік көліктерді заңсыз тіркеген
3,329
оқылды

Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары шетелдік көліктерді заңсыз тіркеген. Антикор ұйымдасқан топқа қатысты тергеуін аяқтады. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Құзырлы органның мәліметінше, олар былтыр қаңтар-мамыр айларында 475 автокөлікті тіркеген. Ол үшін арнайы жүйеге мәліметтерді енгізіп және жойып отырған құжаттарды қолдан жасаған. 

Антикордың есебінше, мемлекетке 1,4 млрд теңге шығын келді. Барлығы 30 адам күдікке ілініп отыр. Олардың қатарында Астана қаласы №2 Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы мен 4 полиция қызметкері және делдалдар бар.