Сот отырысында Арыстанбек Мұхамедиұлы 70 жасқа толған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты сөз етті.
Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта Тоқаевтың туған күнін сөз етті
2,872
оқылды

Астанада бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сот отырысында ол 70 жасқа толған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты сөз етті.

«Мен куәгерге ұлттық бренд туралы сұрақ қойсам, прокурор  маған сіз қызметтің бастығы неге болдыңыз деп сөзді басқа жаққа бұрады. Куәгерлерді үнемі басады, бәрімізді адастырып тұр. Мұндай заңсыздықты, құқықбұзушылықты, бассыздықты тоқтату керек. Әділетті Қазақстанды бұзатын осындай адамдарды жұмыстан босату керек. Жасы 70-ке толатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де үнемі соттағы осындай былықты, заңсыздықты жою керектігін айтады»,  деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Айта кетейік, 2022 жылғы 28 мамырда сот санкциясымен Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Ол бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2019 жылғы шілдеде музей директоры болды. Оған дейін 5 жыл Мәдениет және спорт министрлігін басқарған.

Астанада 2023 жылғы 17 сәуірде экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот процесі басталды.