Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан, күндіз облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Астанада қатты жел соғады, екпіні 20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз өңірдің оңтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Облыстың шығысында, оңтүстігінде шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Алматы облысында түнде өңірдің шығысында, таулы аймақтарында, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, таулы аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с құрайды.
Алматыда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Қонаевта күндіз найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады деп болжанады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі.
Күндіз Ақтөбе облысының басым бөлігінде, түнде өңірдің солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай ойнайды. Ақтөбеде де күндіз найзағай болады деп күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың солтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан 18 м/с жыдамдықпен жел соғады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан, күндіз өңірдің басым бөлігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.