Күдікті әлеуметтік желі арқылы екінші деңгейлі банктерде бұғатталған есепшоттарды шешіп беремін деген желеумен жарнама жасаған.
Ұлытау облысында алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды
951
оқылды
Ұлытау облысында алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды, ол әлеуметтік желі арқылы бұғатталған шоттарды "шешіп беремін" деп ақша алған.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Сәтбаев қаласының Полиция басқармасының кезекші бөліміне әлеуметтік желі арқылы бұғатталған шоттарды шешіп беремін деп 65 мың теңге алған алаяқтық әрекет туралы арыз түсті.

Бұдан кейін Сәтбаев тұрғындарынан осыған ұқсас жағдайлар бойынша арыздар түсе бастаған.

Полиция қызметкерлері алаяқтық әрекетпен айналысқан 29 жастағы әйелді ұстады.

Күдікті әлеуметтік желі арқылы екінші деңгейлі банктерде бұғатталған есепшоттарды шешіп беремін деген желеумен жарнама жасап, бұл ақпаратқа сенген қала тұрғындарынан ақша алып отырған.

29 жәбірленушіге келтірген шығын көлемі 9 млн теңгеден асты. Күдікті қылмысын мойындады, іс сотқа жолданды.