Ұсталғандардан 500 000 теңге тәркіленді, оны олар жәбірленушіні қорқытып алған.
"500 мың теңге тәркіленді": Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан екі күдікті ұсталды
955
оқылды

Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерінің көмегімен жергілікті кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен екі күдіктіні ұстады. Ұсталғандардан 500 000 теңге тәркіленді, оны олар жәбірленушіні қорқытып алған.

«Күдіктілерді ұстау Алматы-Өскемен трассасы бойындағы дәмханалардың бірінде жүргізілді. Олардың бірі бұрын сотталған Алматының 53 жастағы тұрғыны, екіншісі Алакөл ауданының 35 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды»,  деп хабарлады Жетісу облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігіне (қорқытып алу) сәйкес жүргізілуде.