Өскеменде көлік тұрғын үйге соқтығысты.
Өскеменде көлік тұрғын үйге соқтығысты
947
оқылды

Көлікті 35 жастағы жүргізуші басқарған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Гагарин бульварында 32-үйдің жанында болған.

Subaru Forester көлігін жүргізіп келе жатқан 35 жастағы жүргізуші рульде ұйықтап кеткен. Жолдан шығып кеткен көлік үйдің кіреберісіне барып соғылған. Тұрғындар зардап шеккен жоқ.

Көлік жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Дәл осылай жол жүру ережесін бұзған жағдайда 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе көлік құралын басқару құқығынан 6 айға дейін айырылады. 

Полиция жолда жүру ережесін қатаң сақтауды ескертеді.