7 көлікті тиеп келе жатқан жүк көлігі апатқа ұшырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Көлік апаты болған аумақта жол жабылған жоқ.
«21 мамыр күні Алматы-Өскемен тас жолының 143-шақырымында Scania көлігі апатқа ұшырады. Үлкен жүк көлігі 7 Tesla көлігін тасымалдап бара жатқан. Көлік апатынан жол қозғалысына кедергі келтірілген жоқ. Республикалық трасса қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», – делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметте.
Айта кетейік, апатқа ұшыраған көлікті 39 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Ол Алматы қаласына қарай бағыт алып бара жатқан.