Ұсталғандар – қарапайым тұрғындар.
Қырғызстанда Серік Күдебаевқа көмектесті деген күдікпен 4 адам ұсталды
3,105
оқылды

Генерал Серік Күдебаевтың қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтуіне қатысты істі Қырғызстанның әскери прокуратурасы тергеп жатыр.

 

«Ары қарай Серік Күдебаев «Манас» әуежайы арқылы Түркияға ұшып кеткен. Әскери прокуратура заңсыз көші-қон дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір бұл іске қатысты төрт адам тергеліп жатыр. Олар Бішкектегі №1 тергеу изоляторына қамалды. Ұсталғандар – қарапайым тұрғындар», – деп хабарлады Қырғызстанның әскери прокуратурасы.

Еске салайық, Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев билігін асыра пайдаланды деп айыпталған. Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының коменданты бола тұрып, Полиция департаментінің ғимаратынан шығып кеткен. Бүлікшілер сол жерден қару-жарақ ұрлап кеткен.

Жақында сот үкімімен Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.