Қазақстан үшін бұл – осындай алғашқы құжат.
Қазақстан мен Сингапур Қызметтердің еркін саудасы және инвестициялар туралы келісімге қол қойды
940
оқылды

Астанада Сингапур Президенті Халима Якобтың мемлекеттік сапары аясында Қызметтердің еркін саудасы және инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты хабарлады.

Келісім қызметтердің кіші секторларының 92 түрі бойынша өзара преференциялық қолжетімділікті белгілеуді, инвестицияларды жүзеге асыру үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауды көздейді, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сәйкес инвесторларды жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты сауда белсенді түрде дамып келеді, 2022 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы $1,9 млрд болды. Өткен жылы қызметтер айналымы $10,4 млн болып, ал Сингапурдан Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 2017-2021 жылдары 9,3%-ға 61,4-тен $67,2 млн-ға өскен.

Келісімге қол қою екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге, серіктес ел нарығындағы отандық қызметтер экспортын ұлғайтуға, қызмет көрсету саласында неғұрлым қолайлы жағдай жасауға және отандық жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, инвестициялар ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді.