Қазақстандық Елена Рыбакина 2023 жылы Римде өткен екінші турнирде жеңіске жетті.
WTA Елена Рыбакинаның жылдық табысын жариялады
1,944
оқылды

Рыбакина беделді WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды. Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) ресми сайты Еленаның табысын жариялады.

Римдегі жеңісі үшін қазақстандық теннисші 564 407 доллар (252 миллион теңгеден астам) тапқан. Айта кетейік, бұл Еленаның маусымдағы жалғыз жетістігі емес: ол бұған дейін Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирде жеңіске жетіп, Australian Open және Miami Open турнирінде финалға шыққан болатын.

Қазақстанның бірінші ракеткасы 2023 жылы 3 752 354 доллар (1,6 миллиард теңгеден астам) табыс тапқан.

«Елена Рыбакина әлемдік турнедегі бүкіл мансабында 10 113 312 доллар (4,5 миллиард теңгеден астам) табыс тапты», – деп хабарлайды WTA сайты.