Қазақстанда кепілсіз кредит алатындар саны көбеймесе азаймай отыр.
Ел ішінде 20 мың теңгенің тауарын кредитке алып жүргендер көп
1,661
оқылды

Сәуірде 500 мың қазақстандық 56 мың теңгеге дейінгі кепілсіз тұтынушылық несие алды. Тауарды  несиеге алатындар туралы Aikyn.kz сайты Naryk.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Жеке тұлғаларға кепілсіз тұтынушылық несиені бөлу кестесінде сәуір айында 167 мың адам, яғни үштен бірі әрқайсысы 20,7 мың теңгеге дейін несие алғаны көрсетілген. Яғни, 167 мың адамның 20 мың теңгенің тауарын алатын мүмкіндігі болмаған. 

Тағы 167 мың адам сәуір айында 20,7 мыңнан 35,6 мың теңгеге дейін несие алған. 

Қалған үштен бірі, яғни тағы 167 мыңдай адам 35,6 мыңнан 56 мың теңгеге дейін тауар несиесін алған. 

Жалпы құны 56 мың теңгеге дейінгі затты несиеге алып жүрген жарты миллион адам бар. 

Бұған дейін ЕЭО-ға мүше елдер азаматтардың несие тарихы туралы мәлімет алмасуы банктерге пайдалы екенін жазған болатынбыз.