Сотқа дейін тергеу басталды.
120 миллион теңге жинаған қаржы пирамидасының жетекшісі ұсталды
4,105
оқылды

Орал тұрғындарын 120 миллионға алдаған қаржы пирамидасының жетекшісі ұсталды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оралдықтарды алдап, бір емес, екі бірдей жобамен жұрттың 120 миллион теңгесін қалтасына басқан. 

Күдікті әйел жұртты «әр салған ақшаңнан 24 пен 54 пайыз аралығында табыс табасың» деп алдаған. Тұрғындар қолындағы бар қаражатты бере салып, енді бақыр тиынға жете алмай сенделіп жүр. Қаржы мониторингі агенттігі мұндай күмәнді ұйымдарға ақша құю қауіпті екенін айтады. Ескертуге мән беріп жатқан ешкім жоқ. 

«Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген азаматша ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп, тексеру жалғасып жатыр», – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.