Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 маусымына дейін ұзартты.
«Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 19 мамырдағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 маусымына дейін», – делінген сот хабарламасында.
Айта кетейік, 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын.
Еске салайық, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді.
Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырған.