Іс-шара Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясымен және «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылды.
Ғылым қоры «АӨК саласындағы ҒҒТҚН коммерцияландыру мәселелері» тақырыбында TCP диалогтік алаңын ұйымдастырды
940
оқылды

Ғылым қоры «Коммерцияландыру реакторы» қарсаңында «АӨК саласындағы ҒҒТҚН коммерцияландыру мәселелері» тақырыбында TCP диалогтік алаңын ұйымдастырды.

Іс-шара Қазақстан  Президенті  жанындағы Ұлттық ғылым академиясымен және «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылды.

ҚР ҰҒА вице-президенті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры А.Күрішбаев құттықтау сөз сөйледі.

Диалог алаңының жұмысына Ұлттық ғылым академиясының ғалымдары, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессорлары, егіншілік және өсімдік шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі, жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі, топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, агробизнес, шаруа және фермер қожалықтарының өкілдері қатысты.

Қатысушылар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жоғары технологиялық өнімдерді ілгерілету болашағы мен технологияларды коммерцияландыру жобаларының нәтижелерін талқылады. Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария, ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы процестерін автоматтандыру салаларындағы технологияларды коммерцияландыру және т.б. мәселелер талқыланды. 

Өз тарапынан Ғылым қоры ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру тетіктері, сондай-ақ ғылым мен бизнесті интеграциялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Іс-шара аясында ҚазҰАЗУ жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Олардың қатарында келесілер қамтылады: ағаш алу үшін қара және грек жаңғағы плантацияларын, қой жүнінің қалдықтарынан тыңайтқыштарды, бағалы және аса құнды балық түрлеріне арналған құрама жемді қолға алу, биологиялық белсенді шай өндіру үшін жабайы шырғанақ өңдеудің инновациялық технологиясын енгізу, көшеттер мен көкөніс тұқымдарын перфорацияланған тесіктерге отырғыза отырып, топырақты полиэтилен үлдірмен жабындау үшін аралас агрегатты пайдалану.

Кездесудің соңында АӨК саласындағы ынтымақтастық және болашақтағы ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру талқыланды. Қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді.