Алматыда жеңіл жүрісті 30 әйел ұсталды
Алматыда жеңіл жүрісті 30 әйел ұсталды
Фото: Дереккөзден алынды
291
оқылды
Polisia.kz-тің жазуынша, Алматыда үш секс-притон қонақүй ретінде жұмыс істеген. Олардың екеуі Түрксіб ауданында орналасса, үшіншісі Әуезов ауданында анықталды.  Полицейлердің мәліметінше, «притондардың» басшылары жауапкершілікке тартылды. Жезөкшелікпен айналысқан шамамен 30 әйел полицияға жеткізілген, олардың 3-уі – Өзбекстан азаматшалары. Полицейлердің мәліметінше, 10 күнде 245 жеңіл жүрісті қыз полицияға жеткізілген, олардың 3-уі Ресейден, 6-уы Өзбекстаннан, 6-уы Қырғызстаннан және біреуі Украинадан келгені анықталған.