Солтүстік Қазақстан облысында 31 жастағы ер адам найзағай түсіп қайтыс болды.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 мамыр күні Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші қызметкерлеріне осы аудандағы Дайындық және Ленинское ауылдарының арасындағы алқаптан ер адамның мәйіті табылғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті.
31 жастағы жігіт бақташы ретінде жұмысқа орналасып, жайылымда ауылдың малын баққан екен. Оған сол күні жай түскені белгілі болды. Салдарынан ер адамның мінген жылқысы да оқиға орнында өлген.
Осы дерекке қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.