Қарағанды ​​облысында ер адам ажырасу рәсімі кезінде әйелін пышақтап өлтіріп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағанды облысында ер адам ажырасу рәсімінде әйелін өлтіріп кетті
1,698
оқылды

Қанды оқиға Бұқар жырау ауданында болған. Ресми деректерге сүйенсек, ер адам әйеліне АХАЖ бөлімінде пышақпен шабуыл жасаған. Ауыр жарақат алған әйел дереу ауруханаға жеткізілген, бірақ кейін ауруханада көз жұмған.

Қарағанды ​​облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.