Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті. Бұл туралы mgorod.kz сайты жазды.
Бұзау іздеп шыққан екі бала суға батып кетті
2,763
оқылды

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 мамырда Ырғыз ауданы Құрылыс ауылында болған. 

Екі баланың Ырғыз өзеніне батып кеткені туралы ақпарат құтқарушыларға сағат 16:45-те түскен.  Балалар бұзау іздеп үйден шығып, қайтып оралмаған.  Сағат 18:30-да олардың бірінің денесі судан шығарылды, екіншісі әлі іздестіріліп жатыр.  Ұлдардың екеуі де 12 жаста.

Құтқарушылар, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сүңгуірлер мен жергілікті тұрғындар екінші баланы іздеп жатыр.