Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оралда 16 жастағы бозбала қайтыс болды
6,798
оқылды

Оралда 16 жастағы бозбала қайтыс болды, – деп хабарлайды Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Қалалық көпбейінді балалар ауруханасына 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала жеткізілген. Бозбала есін жимаған күйі жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

«Осы қылмысты жасады деген күдікпен 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Н. ұсталды, қазіргі таңда сараптама жасалып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген хабарламада.