Өзбекстанда Қазақстан құрамасының капитаны 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирде жеңіске жетті.
Әлем чемпионатының алтын жүлдегері Асланбек Шымбергенов Ташкенттегі психологиялық қысым туралы айтты
2,485
оқылды

Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегері Асыланбек Шымбергенов жекпе-жек алдындағы психологиялық қысым туралы айтып берді.

Өзбекстанда Қазақстан құрамасының капитаны 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирде жеңіске жетті. Асланбек 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында да жеңімпаз атана алар еді, алайда оған психологиялық қысым бөгет болған екен. 

"Мен Шахрам Гиясовты жеңдім, ол Олимпиаданың ең мықты қарсыласы, финалисті болатын. Жеңіске жеткеннен кейін барлығы маған телефон шалып: "Болды, сен чемпионсың" деді. Ал немісті жеңгеннен кейін достарым телефон соғып: "Көлікті маған несиеге бер, кейін басқасын беремін" деді. Осыдан кейін төсекте жатып, алдағы жекпе-жек туралы емес, ақша туралы ойладым. "Әкімге барайын, көлік алайын, ат береді" деген ойлар болды. Келесі жекпе-жекке шығып, жеңіліп қалдым. Жеңіс уысымда еді, сусып түсіп кетті. Жеңілдім, өйткені менің ойым мүлде басқа жақта болды, жекпе-жекке іштей дайын емес едім", – деді боксшы QAZAQ RING YouTube арнасына берген сұқбатында.

 

Еске салайық, 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатының 1/16 финалында Шымбергенов өзбекстандық Шахрам Гиясовты төрешілердің шешімімен бірауыздан ұтқан болатын.

Қазақстандықпен жекпе-жекке дейін Гиясов кәсіпқой мансабын бастап, қатарынан 11 жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен. Сонымен қатар, ол 2016 жылғы Олимпиаданың күмісін және 2017 жылғы әлем чемпионатының алтынын алған еді.