Елордада биыл 1 900 орын­­ға арналған 5 студент­тік жатақхана пайдалануға бе­ріледі. Ал 2025 жылға дейін жеке инвесторлар мен жоға­ры оқу орындарының мен­шікті қаражаты есебінен 11 мың­ға жуық орындық сту­дент­тер үйі қолданысқа бе­ріл­мек.
1 900 студенттің жатақхана мәселесі шешіледі
922
оқылды

Осыған орай студенттік жа­тақ­ханалар салу бойынша ар­найы жобалық кеңсе ашылды. Жоба­лық кеңсе жатақханалар салу жөнін­дегі мемлекеттік бағдар­лама­ны жүзеге асыруды, студент­терді тұр­ғын үймен қам­тамасыз етуді жү­зеге асырады. Жобалық кеңсенің ашылуында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Астана қала­сы­ның әкімі Жеңіс Қасымбек құт­тықтау сөз сөйледі. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек әкімдік тарапынан жатақхана құрылы­с­ына қажетті жер учас­келері бөлі­ніп, әкімшілік мәсе­лелер бойын­ша көмек көрсете­тінін жеткізді. 

«Елордаға оқуға келетін сту­денттер саны жыл сайын артып келеді. Қалада 15 жоғары оқу орны бар, онда 67 мыңға жуық сту­дент оқиды. Олардың бір бөлігі бұл қаладан емес. Жауапты ми­нистрлікпен бірлесіп инфра­құ­рылымды құру бойынша жұ­мыс жүргіземіз. Бұл жұмыс ин­вес­торларды да, жоғары оқу орын­дарын да жұмылдыра оты­рып жүргізіледі. Біз өз тарапы­мыздан жер учаскелері мен әкім­шілік мәселелер бойынша көмек көрсе­теміз», – деді қала әкімі Жеңіс Қасымбек. 

Инвесторлар, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана әкімдігі, «Қаржы ор­та­лығы» АҚ және бірқатар ЖОО арасында студенттік жатақ­ха­налар салу бойынша ынтымақ­тастық орнату туралы меморан­думдар жасады.

Жанел ҚҰТТЫБАЙ