«АMANAT» партиясының Түркістан облысы Сайрам ау­дандық филиалының ұйым­дастыруымен «Ауыл ама­наты» жобасы аясында ашыл­ған ақпараттық қолдау орта­лығында ашық есік күні өтті.
Ашық есік күні
1,335
оқылды

Аталған шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ал­тын­сары Үмбетәлиев, аудан­дық партия филиалының төрағасы Алмас Әбдрах­манұлы, облыстық мәслихат депутаттары, фракция мү­ше­лері Н.Жамалбеков және С.Ералиев, Сайрам аудандық кә­сіпкерлік палатасының ди­рек­торы Г.Байболов, «Ырыс» шағын несие ұйымының ай­мақ­тық сарапшысы Д.Енді­баев пен ауыл округі әкімдері және дербес бөлім басшы­лары қатысты. 

Шара аясында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы облыстық партия филиалы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жос­парларға тоқталып, барлық аудан, қалада «Ауыл аманаты» жобасы кеңінен түсіндіріліп, тұрғындарды толық ақпарат­тан­дыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жат­қандығын атап өтті. Сондай-ақ ашық есік күні аясында қоғамдық қабылдау өткізіліп, онда «Ақбұлақ-ӨНІМДЕРІ» кооперативінің тө­рағасы А.Керимовтің, Қайнар­бұлақ ауылдық округі тұрғын­дары­ның «Ауыл аманаты» жобасы бо­йынша сұрақтарына жауап берілді. 

Бүгінде Сайрам ауданы бо­йынша бұл бағдарламаның бірінші кезеңіне Ақбұлақ және Жібек Жолы ауылдық округтері ұсы­нылған. Жоба аясында ауылдық округтерде скрининг жүргізіліп, нәтижесінде өсімдік шаруа­шы­лығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және өзге кәсіппен айналысуға Ақбұлақ және Жібек Жолы ауылдық округтерінен 244 тұрғын жеңілдетілген 2,5 пайыз­дық несие алуға қызығушылық та­нытқан. Олардың ішінде 70 азамат АӘК алушылар.

Қазір Жібек Жолы ауылдық округінен «Қазақбай ДИЯ» коопе­ративі құрылып, кооператив құра­мына кіріп несие алуға 60 азамат ниет білдірсе, оның 21-і құжатта­рын жинақтап жатыр. 10 азамат­тың құжаты аудандық «Ырыс» микроқаржы ұйымына тапсыры­лып, кепілге қойылатын мүлікке аталмыш мекеменің облыстық филиалынан тәуелсіз бағалаушы­ның келуі күтіліп отыр. Ал Ақбұлақ ауылдық округі бойынша «Ақ­бұлақ-ӨНІМДЕРІ» кооперативі құрылып кооператив құрамына кіріп несие алуға 65 азамат ниет біл­дірген. Оның 35-і құжаттарын жи­нақтауда. 10 азаматтың құ­жаттары облыстық «Ырыс» МҚҰ ұсынылып, 6 азаматтың жобалары облыстық комиссиядан өткен. 

4 аза­маттың құжаттары несие тари­хының дұрыс болмауына байла­нысты және мал қорасы талапқа сай болмауына орай кері қайтарылған.

Нұрлан ҚОСАЙ