Көлік жанынан қамыс пен бензин құйылған бөтелке табылды.
Батыс Қазақстанда судьяның көлігін өртеп жіберді
2,729
оқылды

Оқиға Батыс Қазақстан облысы Жаңақала елді мекенінде таңғы сағат 5-тер шамасында болған. Аудандық соттың судьясы Ілияс Іргебаевтың Toyota Camry маркалы көлігін белгісіз біреу өртеп жіберген. Бұл туралы Aikyn.kz "Уральская неделяға" сілтеме жасап хабарлайды.

Қызыл жалынды өрт сөндірушілер келгенше өшіріп үлгерген. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, полицейлер өртенген көлік маңынан бензин құйылған бөтелке мен қамыс тапқан. 

Полиция департаменті факті Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігі бойынша (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Көлікті белгісіз адам өртеп жібергенін растады. 

Судьяның өзі өртенген көлік туралы тіс жармады. Ілияс Іргебаев Жаңақала ауданына судья болып 2021 жылдың ақпан айында тағайындалған. Әкімшілік, қылмыстық істерді қарайды.