Маңғыстау облысының орталығында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары
2 маусымда бірнеше өңірде аптап ыстық болады
866
оқылды
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 2 маусымына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидромет" РМК деректеріне сүйенсек, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, солтүстік-батыста, күндіз оңтүстік-шығыста, Қазақстанның таулы аймақтарында найзағай ойнап, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Республикамыз бойынша жел екпіні сақталады, еліміздің батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.

"Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында өте қатты ыстық болады деп болжанады. Қостанай, Ұлытау, Атырау облыстарының солтүстігінде, шығысында да күн қатты ысиды деп күтіледі", делінген хабарламада.

Болжамға сәйкес, Маңғыстау облысының орталығында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысында, Ұлытау қаласының орталығында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады