Мектеп түлектері көліктің терезесінен шығып, көшеде айқайлаған.
Ақтауда мектеп түлектерінің кортежі жол ережесін өрескел бұзған
1,645
оқылды

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында 29-шағынауданда мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері жоқ, қауіпсіздік белдігін қолданбаған көлік жүргізушілері көзге түсті. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.  

Осылайша, Toyota RAV4, Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-тің 590-бабы 2-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылды. 

Көліктің артқы орындығындағы жолаушылардың қауіпсіздігіне немқұрайды қарап, жол ережесін сақтамаған жүргізушілер Әкімшілік кодекстің 593-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Бұған дейін Шымкентте соңғы қоңырау салтанатына тікұшаққа тапсырыс берген ата-аналар туралы хабарлаған болатынбыз.