Тексеруден кейін екі науқасқа ота жасалды.
Оралда апатқа ұшыраған мұғалімдердің жағдайы белгілі болды
1,390
оқылды
Қобда ауданында жол апатынан аман қалған екі мұғалімге шұғыл түрде ота жасалған. Жол апатынан кейін олар бірден ауруханаға жеткізілген, – деп хабарлайды КТК.
"Ларгус автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, жылдамдықты асырып, ДАФ жүк көлігінің артына соғылған. Үш адам оқиға орнында қаза тапты. Төрт адам аудандық ауруханаға жеткізілді", – дейді Ақтөбе облысы ПД бөлім бастығы Еркін Өтегенов.

 

Бір жолаушы ауруханаға түскен бойда көз жұмған. Жеңіл көлікте Орал қаласының мектебінде жұмыс істейтін мұғалімдер болыпты. Олар Ақтөбедегі жоғары оқу орындарының бірінде сырттай оқыған. Енді диплом алуы керек екен. Сол үшін такси жалдап, бәрі бірге шыққан. Аман қалған 27 жастағы жүргізуші мен екі мұғалім қазір облыстық ауруханада жатыр. Сүйектері сынып, жансақтау бөліміне түскен.

"Тексеруден кейін екі науқасқа ота жасалды. Біреуінің қабырғалары сынған, оң жақ иығы да сынған. Екіншісінің де оң жақ иығын түзеп, тізе маңындағы еттерін тігу керек болды. Қазір үш науқас та жансақтау бөлімінде. Тұрақты, ауыр деп бағаланады жағдайлары", – деп хабарлайды травматолог дәрігер Жасұлан Орынбаев.