Боксшылар 2018 жылы жұдырықтасуы мүмкін еді
41 нокауты бар боксшы Головкинді айқасқа шақырды
6,060
оқылды

Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) кезекті рет Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) айқасқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар 2018 жылы жұдырықтасуы мүмкін еді, алайда ол кезде Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық мұндай айқасқа дайын емес деп жекпе-жекке рұқсат бермеді. 

"Біз үнемі Головкин мен Чарло сияқты мықтыларды көздеп келеміз. Олармен жекпе-жектер біздің бақылауымыздан тыс жағдайларға қатысты өтпей қалды. Чарло рингке екі жыл шықпады, бірақ әлі чемпион. Алдағы жоспары қандай екенін білмеймін, алайда онымен айқасуға дайынмын. Головкинге қатысты, біз онымен жекпе-жек бойынша хабарластық, дегенмен сол күйі жауап боламды. Қазір ол демалыс рахатын көріп жатқан сияқты", - дейді Мунгия.