Мемлекет басшысы Қа­зақстанның еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямо­ваны қабылдады.
Кино құндылықтарды насихаттайды
1,446
оқылды

Кездесу бары­сында отандық театр өнері және кинематография саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Президент қоғамның рухани дамуында театр мен кино маңыз­ды рөл атқаратынына тоқталып, аталған салаларға мемлекет тара­пынан тиісті қолдау көрсетіліп жатқанына назар аударды.

Мемлекет басшысы отандық фильмдерде тарихымызды, мәде­ниетімізді дәріптеуге, жас­тардың бойында патриотизм сезімін қа­лып­тастыруға, рухани-адамгер­шілік құндылықтарды наси­хат­тауға баса мән беру қажет екенін атап өтті.  

Өз кезегінде Самал Еслямова Президентке өзінің  алдағы шы­ғармашылық жоспары, отандық өнер саласын дамытуға қатысты ұсыныстары туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ұлт мәдениетін танытуға үлес қосып келе жат­қа­ны үшін актриса Самал Еслямова­ға алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.