Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасынан кейін қызметтен кеткен.
Серік Күдебаев сот үкіміне шағымданды
1,429
оқылды

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев сот үкіміне шағымданды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жетісу облыстық сотының мәліметінше, сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірген.

«Серік Күдебаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым 29 маусым сағат 15.00-де Жетісу облыстық сотында қаралады деп белгіленді», – делінген ресми хабарламада.

Биыл 28 сәуірде Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін Серік Күдебаевтың ұлы шетелге қашқан әкесі туралы ел күтпеген мәлімдеме жасаған еді.