Рыбакина Польша өкілі Ига Швентек пен Беларусь өкілі Арина Соболенкодан кейінгі үшінші сатыға көтерілмек.
Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
1,742
оқылды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингте үздік үштікке енеді.

Қазақстандық теннисші WTA Live рейтингісінде қазір 4-тен 3-орынға көтеріліп тұр.

Ролан Гаррос турнирінің қорытындысы бойынша, Е.Рыбакинаның алдына әлемнің 7-ракеткасы, тунистік теннисші Онс Жабер шығуы мүмкін еді. Алайда ол ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майяға жол берді – 6:3, 6:7 (5:7), 1:6.

Осылайша, Елена Рыбакина Польша өкілі Ига Швентек пен Беларусь өкілі Арина Соболенкодан кейінгі үшінші сатыға көтерілмек.