Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгеріс бар. Аймақтың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, биылдың өзінде 1604 жұмыс орнын ашылып, 8 жоба іске асырылып жатыр.
Абай облысының адымы алшаң
896
оқылды

Одан бөлек, биыл өңір халқын таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында 17 млрд теңгеге 54 жоба іске асырылмақ. 2024-2025 жылдары су құбыры желілерінің 19 жобасын салу жоспарланған. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.

Ұранхаевтың айтуынша, былтыр өңірдің қыс­қамерзімді экономикалық индикаторы 104,9%-ды құраған. Ең үлкен өсім – жұмыс істеп тұрған кәсіп­керлік субъектілерінің санында, ол 120,4%-ға, өнер­кәсіп өнімі 109,7%-ға, құрылыс 108,8%-ға, өңдеу өнеркәсібі 106%-ға артқан. Ал негізгі капиталға салынған инвестициялар 8,2%-ға өсіп, 420 млрд теңгені құраған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару 473 млрд теңгеге жетсе, бұл өсім мал шаруа­шылығындағы өндіріс көлемін 4,1%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілген.

Абай облысында тіпті пайдалануға берілген тұр­ғын үй саны да көбейген. 

«340 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өсім арқылы 3 352 отбасы тұрғын үймен қамтылды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы 24,2%-ға өсіп, 260 мың теңгені құрады», – деді Абай облысының әкімі. 

Нұрлан Ұранхаевтың сөзінше, облыста биыл небәрі 4 айда құрылыс секторы 159,8%-ға, инвес­тиция­лар 112,9%-ға, өңдеу өнеркәсібі 121,3%-ға, тұр­ғын үйді пайдалануға беру 105,3%-ға, ауыл шар­уа­шылығындағы жалпы өнім 102,7%-ға өскен. Су­мен жабдықтау объектілерін қаржыландыру 2,5 есе, жолдарды жөндеуді қаржыландыру 2,3 есе артқан. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы са­ла­сын қар­жыландыру 1,4 есеге, әлеуметтік қорғауды қар­жыландыру 1,5 есеге көбейген. 

«Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы­ның 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жос­парын инвестициялау көлемі – 1,9 трлн теңге. Онда 102 шара қамтылған. 2028 жылға дейін инвес­тициялық жобалар пулы жасақталды. Оған 6,8 мың жұмыс орны құрылып, 870 млрд теңгеге 43 жоба іске асады. Оның ішінде биыл 1 604 жұмыс орнын ашатын 8 жоба іске асырылып жатыр», – деді 

Н. Ұранхаев.2024-2025 жылдары су құбыры желілерінің 19 жобасын салу жоспарда бар.