«Ертісте қытайлар алтын өндіріп жатыр»: Абай әкімдігі ресми мәлімет таратты

Әкімдік халықты ресми ақпаратқа сенуге шақырады.

Абай облысының әкімдігі әлеуметтік желідегі қауесетке нүкте қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Кеше әлеуметтік желіде Бесқарағай ауданы Долон ауылындағы қытайлық компанияның Ертіс өзенінде алтын қазып жатқаны туралы ақпарат тарады.

Осыған орай, Абай облысының әкімдігі ресми мәлімдеме жасады.

«Ертіс өзенінің түбінде алтын кенін өндіру үшін ҚХР азаматтары келгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тұрғындардан тек қана ресми ақпаратқа сенуді сұранамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқандардың қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертеміз», – делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.

Фото: activefisher.net