Қазақстан коронавирусқа қатысты «Б» жоспарын іске қосады
Қазақстан коронавирусқа қатысты «Б» жоспарын іске қосады
© /inbusiness.kz
250
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус инфекциясы анықталған жағдайға қалай әрекет ететіндерін айтты, - деп хабарлады inbusiness.kz. «Ең бастысы – елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған адам анықталған жағдайға дайын болу. Бізде «Б» жоспары бар. Ол жоспар әзірленіп, барлық мемлекеттік органдармен мақұлданды. Бұл жоспардың негізі – Қазақстан аумағында инфекцияның таралуын барынша шектеу. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдармен, әкімдікпен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді ол. Министрдің мәлімдеуінше, дәл қазір коронавирус инфекциясы бойынша жағдай толығымен бақылауда тұр. «Дүрбелеңге берілуге ешқандай негіз жоқ. Бізді жалған ақпараттың таралуы ғана алаңдатып тұр. Барлық ақпаратты министрліктің ресми сайтынан бақылап отыруды өтінеміз», – деді министр. Елжан Біртанов бүгін денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына қатысты жалған ақпарат таратушыларға қарсы шара қолдану бойынша ішкі істер министрлігіне шағым жолдайтынын жеткізді.