Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесінде бірнеше кездесу жоспарланған.
Тоқаев Босния және Герцеговина Президиумының төрағасымен кездеседі
642
оқылды

Президент Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы Желька Цвияновичпен кездесу өткізеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Армида Алисджабананы және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰДБ әкімшісінің орынбасары Ивана Живковичті қабылдайды.

Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен, Total Energies директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен, Sun Seven IG басқарма төрағасы У Чжэнмен, ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесу өткізеді.