Ақшаны табуға 20 күн уақыт берген.
Кәсіпкерден 2 миллион теңге бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
1,110
оқылды

Алматыда кәсіпкерден 2 миллион теңге бопсалаған күдікті ұсталды,  – деп хабарлады Aikyn.kz. 

Polisia.kz-тің дерегінше, арнайы тексеріс барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт ер адам ұсталды. Олардың үшеуі бұрын қарақшылық шабуыл, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша істі болған. 

«Күдіктілер физикалық күш қолданамын деп қорқытып, кәсіпкер 21 жастағы К. есімді азаматтан 2 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған. Күдіктілер сұраған соманың бірінші бөлігін бірден алған, қалғанын табу үшін 20 күн уақыт берген. Бопсалау дерегі ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігімен тіркелді. Жедел және арнайы шаралар кешені жүргізілді. Олар қылмыс үстінде ұсталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, күдіктілер УҰИ-ға қамалды», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды.

Бұған дейін  Қоспаевтың қылмыстық тобын шекарадан заңсыз өткізген адам сотталғанын хабарлаған болатынбыз.