Елордада бір тоннадан астам мандарин өртелді
Елордада бір тоннадан астам мандарин өртелді
© Sputnik / Рамиль Ситдиков
217
оқылды
Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік инспекторлары Грузия елінен әкелінген мандариндердің ірі партиясын өртеп жіберді. Жемістен қауіпті зиянкес табылды. Елордалық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантиндік зиянкестер таралып кетпеуі үшін 1 210 килограмм қауіпті мандаринді тәркілеп, экополигон аумағында өртеді. Сонымен қатар, аталмыш факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен өнім иесіне 53 025 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айта кетейік, Комсток сымыры зиянкесі негізінен алмұрт, алма, анар, шабдалы, өрік, банан, інжір, жүзім, долана, катальпа, цитрустар, картоп, қарбыз, қауын, бұрыш және басқа да көкөністерді зақымдайды. Комсток сымыры таралған кезде өсімдіктер жаппай қурап қалады.