Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, қылмыстық іс арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне қабылданды.
Абай облысындағы өрт бойынша Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады
1,117
оқылды

Абай облысының орман алқабында болған өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы  3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу).

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай,  қылмыстық іс арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне қабылданды.

«Құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Сонымен қатар адамдардың қаза болуына және қоршаған ортаға елеулі зиян келтіруге әкеп соққан ауыр зардаптарды назарға ала отырып, арнайы прокурор салғырттық фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді», деп жазды Бас прокуратурадан.