«Қазгидромет» 12 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Ауа райы: 12 маусымда аптап ыстық болады
7,980
оқылды

Жоғары қысым әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еліміздің солтүстік, қиыр шығыс, оңтүстік-шығысы мен  оңтүстігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік, батыс, орталықта –шаңды дауыл, солтүстікте тұман күтіледі.

Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Жетісу облыстарында, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Павлодар облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Фото: onduline.life