Даниал Ахметовтің тағдыры қашан шешілетіні белгілі болды.
Даниал Ахметовтің тағдыры не болмақ?
16,210
оқылды

2023 жылғы 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттік мерзімі аяқталады.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты таратқан ақпаратқа сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2023 жылғы 16 маусымда сағат 10.30-да Өскемен қаласында Қазақстан көшесі, 55 (С.Аманжолов атындағы ШҚУ 5-корпусы) мекенжайы бойынша өтеді.

Депутаттарды тіркеу сағат 09.00-дан басталады.

Даниал Ахметов 2014 жылғы 11 қарашасынан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымын атқарып келеді, оның өкілеттік мерзімі 15 маусымда аяқталады.

фото: zakon.kz