Мемлекет басшысының Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі тағайындалды.
Шығыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды
3,147
оқылды

Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Ермек Беделбайұлы 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша тәмамдады.

1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.

1988-1991 жылдары  ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі.

1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі.

1994-1996 жылдары  Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы.

1996-1997 жылдары – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы.

1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі.

2000 жылдың қаңтар-қараша айларында «Нұрсұлтан Назарбаев білім фонды» директорының бірінші орынбасары.

2000-2001 жылдары  баспасөз қызметінің басшысы, «ҚазТрансОйл ҰК» ЖАҚ-ның Президент Аппаратының басшысы.

2006-2007 жылдары  «Отан Республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы.

2008-2009 жылдары  «Рауан Медиа Групп» АҚ-ның бас директоры.

2009-2010 жылдары «Ертіс қоғамдық-кәсіптік корпорация» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.

2010-2014 жылдары  ШҚО әкімінің бірінші орынбасары.

2014-2016 жылдары – Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі.

2016-2018 жылдары  Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы.

2018-2019 жылдары  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы.

2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

2020 жылдың қаңтарынан осы уақытқа дейін  ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып еңбек етті.