Ер адам 8 жылға сотталды.
Павлодарда ер адам 75 жастағы енесін зорлаған
1,377
оқылды

Павлодар қалалық № 2 сотында қайын енесін зорлаған 54 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты. Қылмыстық іс жабық режимде қаралды.

 

«Полицияға жәбірленушінің қызы арыз түсірген. Тергеу барысында жүргізілген сараптама ер адамның кінәсін дәлелдеді. Қылмыскер қайын енесінің дәрменсіз күйін пайдаланып, екі рет зорлаған. Сараптама нәтижелеріне қарамастан, айыпталушы өз кінәсін мойындамады», – делінген Павлодар қалалық № 2 сотының үкімінде.

Ер адам ҚР ҚК-нің 55-бабын қолдана отырып, ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек ол жәбірленушіге моральдық залалдың өтемі ретінде 5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.