Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Күн тәртібі нақтыланды
707
оқылды

Отырыста «Жылумен жабдықтау  саласындағы  басқарудың, тартылған қаражатты жылу   энергия­сын    өндіру   және   беру  объектілерінің     ныса­налы пайдалануы мен инвестициялық  бағ­дар­лама­ларды  орындауының тиімділігіне   мемлекеттік  аудит» атты Жоғары аудиторлық  палата  төраға­сының  есебі тыңдалады. 

Сонымен қатар палата жалпы отырыста де­пу­таттар әзірлеген жайылымдарды пайдалану мә­селе­лері туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарайды.

Заң жобасында Жер, Орман кодекстеріне, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, сондай-ақ жайылымдар туралы заңдарға өзгерістер енгізу көзделеді. Атап айтқанда, жайылымдарды пайдаланбау факті­лері­нің өлшемін қатаңдату, сондай-ақ қоғамдық жайылымдарды ауыл шаруашылығы алқап­тары­ның басқа түрлеріне ауыстыруға тыйым салу ұсынылады.

Сондай-ақ бюро отырысында Палата комитеті заңнаманы жетілдіру, адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі шешу мәселелері туралы заң жобасын жұмысқа алады.