– Былтыр Ұлытау облысында өт­кен Ұлттық Құрылтай жиы­нында Мемлекет басшысы келесі бас­қосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынған еді. «Құрыл­тай­дың әр аймақта өтуі сол өңірдің дамуына серпін береді. Оның мүшелері әр жолы бір өңірдің тыныс-тірші­лігімен танысады», – деген еді Қасым-Жомарт Ке­мелұлы.
Дихан Қамзабекұлы: Мәселені шешу тетіктері де қарастырылса...
1,279
оқылды

Құрылтай ол Президент жа­нын­дағы кеңесші орган болған соң мұнда қоғамның қазанында қайнап тұрған ең өзекті мәселе­лердің шешімі анықталуы тиіс.  Мәселені  көтеру ол жұмыстың бір жағы ғана. Сол жұмыстың шешу тетіктері үшін де азаматтар жиналу керек. Оп-оңай  шешілетін нәрсені қиын­датпауымыз немесе қиын шеші­летін дүниені кезең-кезеңге бөліп қарастыруға тиіспіз.  Бізде әдетте мәселені бір-бірімізге ғана айтып,  мұңымызды шағып ғана тарқа­са­мыз. Енді мұның шешімін жасай­тын уақыт жетті. Құрылтайға өз саласында тәжі­рбиесі мол аза­мат­тар мүше болған.

Біздің ішкі мүмкіндіктеріміз өз  мәселесімізді шешуге жетеді.  Осы мәселеде қоғамға түсінікті тілмен  әсіресе жауапкершілік бәріміздің мойнымызда деген ұғымды сіңдіре білуіміз керек. Ол үшін жас­тары­мызды тәрбиелеуге тиіспіз. Одан соң ұлттық білім және ғылым сек­циясы өтіп жатыр. Бұрын бірінші орында экономика, одан соң идеология немесе кері­сін­ше идеология, одан соң эко­номика деп талас тудырып жата­тынбыз. Шын мәнінде екеуі қатар, тең жүруі тиіс. Бірінен бірін кейін қалдыра тұру деген бол­май­ды.  Халықтың сұранысын   еске­руміз  керек. Бұрынғыдай жалпақ­ше­шейлік, әйтеуір біреуге ұнау деген мәселе болмайды.